5 күн бұрын

Дзюдодан Азия чемпионатына құрам жарияланды

Дзюдодан Азия чемпионатына  құрам жарияланды

Қазақстан дзюдо федерациясы Қытайда өтетін Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.

Турнир 16-18 сәуір аралығында Ордос қаласында өтеді. Жарысқа Қазақстан атынан ерлер және әйелдер құрамасында тоғыз спортшыдан қатысады.

Ерлер құрамасы: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 кг), Нұрқанат Серікбаев (66 кг), Есет Қуанов (73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат (81 кг), Айдар Арапов (90 кг), Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров (100 кг).

Әйелдер құрамасы: Диана Бүркеева (48 кг), Бақыт Құсақбаева, Дана Әбдірова (57 кг), Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева (63 кг), Ажар Асхат (70 кг), Аруна Жангелдина (78 кг), Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова (+78 кг).

Айта кетейік, 2025 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт қола медаль жеңіп алған болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»