Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Абужақынова қайта оралуға дайындалуда

Абужақынова қайта оралуға дайындалуда

Қазақстанның жетекші дзюдошысы Абиба Абужақынова алған жарақатына қарамастан, Азиада-2026 ойындарына қатысуды көздеп отыр.

Спортшының айтуынша, қазіргі басты мақсат — дәрігерлердің кеңесі бойынша толық қалпына келу. Жарақатты ол Чехиядағы оқу-жаттығу жиыны кезінде алған.

Сонымен қатар, Абужақынова Азиадаға дейін халықаралық турнирлерге қатысуды да жоспарлап отыр. Оның сөзінше, ол Grand Slam сериясындағы бір-екі жарысқа қатысуы мүмкін, алайда Қазақстандағы турнирге үлгермеуі мүмкін.

Дзюдошы Азиада басталғанға дейін татамиге қайта оралуға ниетті екенін жеткізді.

Айта кетейік, Азиада-2026 Жапонияның Нагоя және Айти өңірінде 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Абиба Абужақынова қазіргі таңда 48 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің көшбасшысы саналады. Ол — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2022 және 2024 жылдары өткен әлем біріншіліктерінің қола жүлдегері. Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін жеткен болатын.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан