06.08.2024

Жүлде алмаған спортшылар Алматы әуежайынан үйіне таскимен кеткен

Жүлде алмаған спортшылар  Алматы әуежайынан үйіне таскимен кеткен

Фото: Qaz365.kz

Париж Олимпиадасында ел қоржынына екі медаль салған дзюдошы чемпиондар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты күні кеше Алматы әуежайында халық ыстық ықылас, зор қошеметпен қарсы алды.

Халық аузында жүретін жақсы сөз бар, «жеңістің жүз әкесі бар, жеңіліс жетім» деген. Париж Олимпиадасында додаға түспей жатып, кері шегінгендерді айтпағанда, бабы мен бағы келіспей, жеңілген қаракөз спортшылар қаншама. Олар осы ретте орын алмаса да, 4 жылдан соң жеңіс тұғырынан көрінуі бек мүмкін.

Спортшының сағы сынбауы үшін тек жүлдері орын алғандарды ғана емес, жүлдесіз қалғандарды да көтермелеу керек. Қалың елдің ішінен суырылып шығып, Олимпиадаға үлкен үмітпен аттанған оларды, елге оралғанда елеусіз қалдыру дұрыс емес. Сосын Олимпиадада орын алған спортшыға мемлекет Заң жүзінде тағайындайтын жүлде қорынан бөлек, ел ішінде ат мінгізіп, жібек шапан жабатын атымтай жомарттар арасында қызу жарыс өтетіні тағы бар.

2020 жылы Үкімет қаулысымен әр спорт түрі бойынша Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен бапкерлеріне берілетін сыйақы мөлшері бекітілді.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Париж олимпиадасында жеңімпаз атанған спортшыларға берілетін сыйақы мөлшерін атады. Министрдің айтуынша, спортшылардан бөлек олардың бапкерлері мен жаттықтырушылары да ынталандыру сыйлықтарына ие болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, чемпионға 250 000 доллар, күміс медаль үшін 150 000 доллар және қола медаль үшін 75 000 доллар беріледі. Сондай-ақ, 4-6 аралықтағы орындарға ие болған спортшыларға тиісінше 30, 10 және 5 мың доллар төленеді. Сонымен қатар, чемпиондар мен жүлдегерлерді дайындауға қатысқан бірінші, жеке және бас бапкерлерге ақшалай ынталандыру қарастырылған.

 

 

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 6 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 7 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады