04.09.2024
«Барыс» маусымды жеңіліспен бастады

«Барыс» хоккей командасы
Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді.
Кездесу барысында елордалық командадан Уэйд Эллисон 36- минутта есеп ашса, ресейлік клубтан Владимир Брюквин 49-минутта таразы басын теңестірді.
Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.
Овертаймда «Нефтехимик» жеңіс шайбасын соғып кетті.
Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
