Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Дәл қазір эфирде Барселона – Атлетико Мадрид Өту
«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.09.2024

Туризм және спорт министрі Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

Туризм және спорт министрі Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады

ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара пауэрлифтингтен Париж Паралимпиадасының чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады.

«Давид Дегтяревті Париждегі жазғы Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Ол жеңіске деген ерекше жігері мен табандылығының арқасында тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз Токио Паралимпиадасында да топ жарып, қазақ халқын алтын медальмен қуантқан болатын. Биыл да ол өзінің мықтылығын дәлелдеп, Парижде Әнұранымызды шырқатты. Давид, біз сенімен мақтанамыз!», - деді Ербол Мырзабосынов.

Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»