03.10.2024

Талғат Орынбасар дзюдолан әлем чемпионатында тағы жүлде алды

Талғат Орынбасар дзюдолан әлем чемпионатында тағы жүлде алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдошы Талғат Орынбасар Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл оның жастар арасында әлем чемпионатындағы екінші қоласы. Ол жүлде жолында әзірбайжандық Низами Имрановпен кездесті. Екеуара тартысты кездесу негізгі уақытта тең аяқталып, қосымша уақытта отандасымыздың еншісіне шешілді. 

60 кг дейінгі салмақта Талғат барлығы 5 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңді. Ол іріктеу кезеңінде Матья Жеремик (Сербия), Адис Орозмаматовты (Қырғызстан) жеңді. Ширек финалда тәжікстандық қарсыласына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Винчензо Манферлоттиді (Италия) жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Мұнда жапон Ямато Фукуда жеңімпаз атанды. Тәжікстандық Лойқ Кудбудинов күміске, Талғат Орынбасар мен өзбекстандық Муродил Муродиллаев қола жүлдеге ие болды.

Тәжікстан астанасындағы жарысқа 67 елден 531 жас татами шебері қатысып жатыр. Әлем біріншілігі 7 қазанға дейін жалғасады.

Ризабек Айтмұхан Тараздағы халықаралық турнирде финалдан тыс қалды

Күрес 11 сағат бұрын

Ризабек Айтмұхан Тараздағы халықаралық турнирде финалдан тыс қалды

Алматыда үстел теннисінен дәстүрлі турнир өтеді

Теннис 12 сағат бұрын

Алматыда үстел теннисінен дәстүрлі турнир өтеді

Ел намысын қорғау ерекше көңіл-күй сыйлайды – Елена Рыбакина

Теннис 13 сағат бұрын

Ел намысын қорғау ерекше көңіл-күй сыйлайды – Елена Рыбакина

Бүгін Александр Усик пен Тайсон Фюьри жұдырықтасады

Футбол 14 сағат бұрын

Бүгін Александр Усик пен Тайсон Фюьри жұдырықтасады

Жоржиньо – «Қайрат» ойыншысы

Футбол 21 сағат бұрын

Жоржиньо – «Қайрат» ойыншысы

Лионель Месси АПЛ-де ойнауы мүмкін

Футбол 1 күн бұрын

Лионель Месси АПЛ-де ойнауы мүмкін