16.10.2024

Ташкентте әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Ташкентте әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

16-18 қазан күндері Ташкентте әскери қызметшілер арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 13 дзюдошы қорғайды.

Айта кетерлігі, байрақты бәсекеге 29 елден 214 дзюдошы қатысады. 

Бұл сында ерлер арасында 60 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Шерзод Давлатов, 

66 келіде Бауыржан Нарбаев пен Жанарыс Рахметқали, 73 келіде Бақытжан Абдурахманов, 81 келіде Асқар Нарқұлов, 90 келіде Құдірет Досымов, 100 келіде Марат Байкамуров, 100 келіден жоғары салмақта Ерасыл Қажыбаев ел намысын қорғайды. 

Ал  әйелдерде 48 келіде Ғалия Тынбаева, 57 келіде Бақыт Құсақбаева,  78 келіде Екатерина Токарева,  78 келіден жоғары салмақта Камила Берліқаш бақ сынайды. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас