24.10.2024
Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді
Фото: olympic.kz
Ақтөбеде дзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Ел біріншлігі 15-18 қараша күндері «Қоныс» спорт кешенінде өтпек. Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Қазақстан чемпионаты нәтижесінде 2025-2026 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады. Төрт күнге жоспарланған жарыста ерлер мен әйелдер 7 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. Cондай- ақ, аралас командалық жарыстың жеңімпазына Қазақстан кубогі табысталады.
Қазақстан чемпионатының жарыс кестесі
15 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -60 кг, -66 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг
Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 16:20
Финалдық белдесулер – 17:00
16 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -73 кг, -81 кг
Әйелдер: -57 кг, -63 кг, -70 кг
Финалдық белдесулер – 17:00
17 қараша
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -90 кг, -100 кг, +100 кг
Әйелдер: -78 кг, +78 кг
Финалдық белдесулер – 17:00
18 қараша
Аралас-командалық жарыс
Жарыстың басталуы - 10:00
Ерлер: -73 кг, -90 кг, +90 кг
Әйелдер: -57 кг, -70 кг, +70 кг
Финалдық белдесулер - 15:00