25.11.2024
Ақтауда дзюдодан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Ақтауда 29 қараша - 1 желтоқсан аралығында жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Соғыс ардагері, ІІІ дәрежелі даңқ, Қызыл жұлдыз орден иегері Жанашев Адек Жанашұлын еске алуға арналған ІІ республикалық ашық турниріне 5 елден 500-ге жуық татами шебері қатысады. Дүбірлі додада Грузия, Әзірбайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан құрамалары қатысады деп жоспарланған.
Жарыс Ақтау қаласындағы «Халық арена» спорт кешенінде өтеді.