14.01.2025

Ербол Мырзабосынов: Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан спортына оңтайлы әсер етті 

Ербол Мырзабосынов: Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстан спортына оңтайлы әсер етті 

Фото: olympic.kz

Дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Қазақстанның спортына оңтайлы әсер етті. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты.

Бірқатар ақпарат құралдарында дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрахтың Моңғолия азаматтығын алуға өтініш бергені жөнінде айтылып жүр. 

Осыған байланысты ой-пікірін білдірген министр біраз уақыт еліміздің атынан көптеген жарысқа қатысқанын еске салды.

- Өздеріңіз білетіндей, спортшы Моңғолияда дүниеге келген. Ол енді өз елінің құрамасында жұмыс атқаруға ниет білдіріп отыр. Менің ойымша, оның тәжірибесі қазақстандық дзюдо спортын дамытуға тың серпін берді деп ойлаймын. Ол өзінің келісімшарттағы міндетін толық атқарды. Біз алдағы уақытта отандық спорт мектептеріндегі спортшыларды даярлауға, өзіміздің кадрларға екпін қойып отырмыз, - деп атап өтті министр. 

Отгонцэцэг Галбадрах 1992 жылы дүниеге келген. 2015 жылы Қазақстан азаматтығын қабылдаған ол 2016 жылы Жазғы олимпиадада, 2017, 2018 жылғы әлем чемпионатында қола медаль алды. Сондай-ақ 2016 жылы Азия чемпионы болса, 2017 жылы күміс жүлдегер атанды.


Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 6 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 7 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 7 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 7 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 8 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 9 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты