20.01.2025
Ғалымжан Кенжебек испаниялық клубтан ұсыныс түскенін растады
Фото: «Кошице» ФК
Жақында Словакияның «Кошице» клубына ауысқан Ғалымжан Кенжебек Испанияның екінші дивизионында өнер көрсететін клубтан ұсыныс түскенін мәлімдеді.
— Иә, Сегунда дивизионынан ұсыныс түсті, бір емес, бірнеше клубтан. Бірақ, мен Словакияға бару жөн болар деп, осы елді таңдадым,– деді қазақстандық ойыншы.
Ғалымжан Кенжебек словакиялық клубпен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырған болатын.
Айта кетейік, Ғалымжан өзінің жаңа клубының жейдесінде бір матч өткізіп үлгерді. «Кошиценің» «Стара Любовняға» қарсы жолдастық кездесуінде Ғалымжан алаңға 46-шы минутта алмасып шығып, командасының ірі жеңіске жетуіне атсалысты. Матч 2:6 есебімен отандасымыз ойнайтын команда пайдасына аяқталды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи