23.01.2025
UFC рейтингі жаңарды
UFC салмақ дәрежесінен тыс жауынгерлердің жалпы рейтингін жариялады.
Жақында өткен UFC 311 жекпе-жек кеші бұл рейтингтің өзгеруіне әсер еткен басты фактор болып саналады.
Грузиялық файтер Мераб Двалишвили UFC 311 турниріндегі Умар Нурмагомедовке қарсы жеңісінен кейін, бірден екі сатыға жоғарылады.
Ал Ренато Мойканоға қарсы чемпиондық белбеуін қорғап қалған, Ресейлік спортшы Ислам Махачев өзінің рейтингтегі көшбасшы орынын сақтап қалды.
Рейтингтегі үздік 10 файтер төмендегідей:
1. Ислам Махачев (27–1)
2. Джон Джонс (28–1)
3. Алекс Перейра (12–2)
4. Илия Топурия (16–0)
5. Мераб Двалишвили (19–4)
6. Белал Мухаммад (24–3)
7. Дрикус Дю Плесси (22–2)
8. Том Аспинолл (15–3)
9. Алешандре Пантожа (29–5)
10. Леон Эдвардс (22–4)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи