3 сағат бұрын
Baku Grand Slam: Дзюдодан Әзербайжандағы жарысқа кімдер қатысады?
14–16 ақпан аралығында Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде өтетін Grand Slam турнирінде еліміздің үш дзюдошысы белдеседі. Олар – Әділбек Берікұлы (66 кг), Ислам Тоқтасын (81 кг), Қуаныш Ратаев (100 кг). Бұл еліміздің спортшылары үшін 2025 жылдағы алғашқы бәсекесі болмақ.
Айта кетейік, өткен аптада Францияда өткен Paris Grand Slam турниріне бірде-бір отандасымыз қатыспаған еді.