11.02.2025
АТР турнирі: Америкалық теннисші екі қазақстандық әріптесін жарыстан шығарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко АҚШ-тың Дэлрей-Бич қаласында өтіп жатқан АТР турнирінде алғашқы айналымнан әрі аса алмады.
Шевченко (АТР: 88) жарыстың 1/32 финалында Майко Ммомен (АТР: 328) кездесті.
2 сағат 1 минутқа созылған матч 0:2 (5:6; 6:7) есебімен америкалық теннисшінің пайдасына аяқталды.
Осылайша Ммо екінші матч қатарынан қазақстандық теннисшіні жарыс жолынан шығарып жіберді. Бұған дейін Майкл турнирге іріктеу кезеңінің финалдық ойынында отандасымыз Дмитрий Попконы 0:2 (6:7; 0:6) есебімен тізе бүктірген болатын.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 680,140 долларды құрайды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи