11.02.2025
Қытайлық қандасымыз Азия ойындарының чемпионы атанды
Қытай құрамасының намысын қорғаған этникалық қазақ Ақнар Ардақ конькимен жүгіруден Азиада алтынын жеңіп алды.
Командалық із қуу жарысында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге бақ сынаған Ақнар мәре сызығын бірінші болып 3:02.75 минутта кесіп, ақ Азиаданың жеңімпазы атанды.
Ақнар Ардақ — Шынжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген. Ол 2016 жылдан бері Қытай құрамасының атынан жарыстарға қатысып келеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи