Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.02.2025

Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров 4-орында келеді

Мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров 4-орында келеді

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы қысқа бағдарлама өтті.

Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада 76.75 балл жинап, 4-сатыға табан тіреді. Ал Диас Жиренбаев 65.56 ұпай алды. Ол 8-орында.

Әзірге жапон Юма Кагияма көш басында. Одан кейін Оңтүстік Корея өкілі Ча Жин Хван мен қытайлық Дайвэй Дай тұр.

Енді ерлер 13 ақпанда еркін бағдарламада сынға түсіп, жүлдегерлерді анықтайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»