12.02.2025
Грек-рим күресі: Юрий Мельниченко бапкерліктен кетті
Грек-рим күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Юрий Мельниченконың отставкаға кеткені белгілі болды. Бұл туралы Sportbugin.kz тілшісіне сұхбат берген Күрес түрлері федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов мәлімдеді.
«Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко 2024 жылдың аяғында өз лауазымынан бас тартқысы келетінін айтты. Бірақ, көп ұзамай ұлттық құрамаға кеңесші-бапкер ретінде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда команданың тізгінін кімге тапсыру мәселесін Федерация мен Туризм және спорт министрлігі бірлесе талқылауда», - деді Сұлтанов.
Айта кетейік, Юрий Мельниченко Париж Олимпиадасының қарсаңында ұлттық құрамасының тізгінін қолға алған еді. Оның жетекшілігімен Париж Олимпиадасына 4 балуан қатысып, Демеу Жадыраев күміс жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов