15.02.2025
Дастан Сәтпаев «Челси» клубында қанша жалақы алады?
Жақында 16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев ресми түрде Лондонның «Челси» клубының ойыншысы атанған еді. Енді оның «ақсүйектер» клубынан алатын жалақысы белгілі болды.
Sports.ru сайтының мәліметінше, трансфер сомасы 4,3 миллион еуроны құраған. Ал ойыншының өзі үшін келісімшарт бойынша айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) мөлшерінде жалақыға кепілдік береді. Осылайша, бұл Қазақстан футбол тарихындағы ең қымбат трансфер болып отыр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов