Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

16.02.2025

Исламбек Қуат жаңа клубында ресми таныстырылды

Исламбек Қуат жаңа клубында ресми таныстырылды

Астаналық «Жеңіс» өздерінің жаңа ойыншысын – жартылай қорғаушы Исламбек Қуатты таныстырды.

Қазақстан құрамасының 32 жастағы футболшысы соңғы рет «Астана» клубында ойнап, 2024 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында 19 матчта доп тепті.

Сондай-ақ, Исламбек Қуат өз мансабында «Оқжетпес», «Ақтөбе» және «Қайрат» клубтарында өнер көрсеткен. Ал шетелде Ресейдің «Оренбург» және «Химки» командаларында ойнаған. «Жеңіске» Қуат еркін агент ретінде қосылды.

Айта кетейік, Transfermarkt.de сайты ойыншыны 400 мың еуроға бағалайды. Өткен маусымда «Жеңіс» ҚПЛ-да 10-орынға тұрақтаған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»