17.02.2025
Семсерлеуден әлем кубогы аяқталды
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Алматы облысында жасөспірімдер арасында семсерлесуден әлем кубогы өз мәресіне жетті.
Аталған турнирде Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бразилия, Нигерия, Түркия, Израиль, Болгария, Беларусь және Гонконгтан келген спортшылар бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында Нұрмұхамед Жайлыбай күміс жүлдегер атанса, Әдемі Серікбай мен Қайназар Нұрқатұлы қола жүлдеге қол созды.
Командалық жарыста әйелдер құрамасы финалда Өзбекстаннан жеңіліп күміспен күптелсе, ерлер өзбекстандық қарсыластарынан басым түсіп дүбірлі доданың жеңімпаздары атанды.
Енді ұлттық құрама мүшелері бір аптадан кейін Кувейтте жалауын желбірететін Азия чемпионатына қатысады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи