19.02.2025
Того ұлттық құрамасының шабуылшысы «Елімай» қатарына қосылды
Фото: «Елімай» ФК
Фессу Плакка семейлік «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты.
Того ұлттық құрамасының орталық шабуылшысы мансабын 2011 жылы өз елінің «Агаза» клубында бастаған.
Одан бөлек 30 жасар футболшы кәсіби карьерасында «Серветт», «Остервейк», «Беерсхот», «Льерс», «Әл-Тадамон», солигроскілік «Шахтёр» және «Чоннам Дрэгонз» клубтарында доп тепкен.
Сондай-ақ, Фессу Плакка ұлттық құрама сапында 34 ойын өткізіп, гол+пас жүйесі бойынша 9 ұпай жинаған.
Еске салсақ, «Елімай» QFL өткен маусымын 24 ойында, 37 ұпай жинап, алтыншы орында аяқтады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи