4 сағат бұрын
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметтен кетті

Фото: ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметтен кетті. Бұл жөнінде журналист Аслан Қаженов «Спорт министрі» телеграм арнасында жазды.
- Бейресми дереккөздердің айтуынша, дзюдодан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов қызметтен кетті. Нақты себебі белгісіз. Нұрбол Сүлейменов 2022 жылы ерлер құрамасының тізгінін ұстаған болатын. Ол бас бапкерлікке келгеннен бері құраманы Париж Олимпиадасымен қатар, 3 әлем чемпионаты, 2 Азия чемпионаты және Ханчжоуда өткен Азия ойындарына бастап барды, - деп жазды ол.
