6 күн бұрын
Парадзюдошы Ақмарал Науатбек Әлем кубогында топ жарды

Фото: Қазақстан парадзюдо федерациясы
Қазақстандық парадзюдошы Ақмарал Науатбек Грузияның Тбилиси қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.
J2 санатындағы 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз финалдық белдесуде неміс спортшысы Изобель Тайдан басым түсті.
Айта кетейік, Ақмарал Науатбек өткен жазда Паралимпиада алтынын иеленген еді.
