6 күн бұрын
Ғұсман Қырғызбаев: Мені жанкүйерлердің теріс пікірлері жігерлендірді

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Sport+ телеарнасына берген сұхбатында жанкүйерлердің теріс пікірлері туралы әңгіме қозғады.
— Олимпиадаға бара жатқанда мен интернеттегі бір пікірді түсіріп алдым. «60 пен 66 келіде нан жоқ, бұлар таза турист болып бара жатыр» деп жазды. Сол есімде қатты сақталып қалды. Жалпы Елдос (Сметов — дзюдошы, Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері) екеуміз адамдардың айтқан пікірлерін естідік. «Көреміз, кім медаль алады, кім алмайды» деген ойда болдым. Бұл пікірлер мен үшін керісінше мотивация болды. Ондай заттарды көргенде, көңіл түсіп қалды, бірақ жігерлендіреді екен, — деді танымал дзюдошы.
