2 күн бұрын
Ғұсман Қырғызбаев 60 пен 66 келіде қандай айырмашылық болғанын айтты

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев дзюдода салмақ қуып, оған үйренудің қиын болғанын жеткізді. Бұл туралы ол Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында айтты, деп жазады Sport12.kz
«60 келіден 66 келіге ауысқанда физикалық тұрғыда өте қиын болды. Екеуінің күресуі де екі бөлек дүние. Мысалы, 60 келіде күрескенімде қалаған әдісімді жасап, лақтырып тастайтынмын. Сәті келсе, құлатып салатынмын.
66 келіде мүлдем олай емес. Оған күш те, ептілік те, төзімділік те керек. 66 келіде басын қалай бастайсың, солай кетесің. Өшіп қалсаң соңына дейін өшесің», – дейді Ғұсман Қырғызбаев.
Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасынан кейін де мансабын жалғастырмақ. Бүгінде спортшы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.
