1 күн бұрын
Елдос Сметов: Ағылшын тілін үйрену қиынға соғып жатыр

Лондонға ағылшын тілін үйренуге аттанған Олимпиада чемпионы Елдос Сметов оқу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
Белгілі спортшының сөзінше, оған тіл үйрену қиынға соғып жатқан көрінеді.
Бұл туралы дзюдошы Англияда тұратын қазақ журналисі Ғалымжан Қараманұлымен болған әңгіме барысында айтты.
«Ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Еркін сөйлеу үшін осында жүрміз. Өте ауыр болып жатыр. Дегенмен, барымызды салып жатырмыз», - деді ол.
Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада ойындарынан үш рет жүлде алған қазақстандық дзюдошы. Ол Риода күміс, Токиода қола медаль еншілесе, Франция астанасындағы ойындарда чемпион болды. Сондай-ақ, ол әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.
