08.04.2025
Ғұсман Қырғызбаев: италиялық маманның жаттығуы мені таңғалдырды

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев командадағы шетелдік бапкерлер туралы пікірін білдірді, деп жазады Sport12.kz Бұл туралы ол журналист Ақырыс Сейтқазыға берген сұхбатында айтты.
«Қазір командада италиялық Эцио Гамба жұмыс істеп жатыр. Мойындау керек, оның жаттығу әдістері мүлде басқа екен.
Онымен жаттыққалы бері алғашқы нәтижелерді де байқап жатырмыз. Ол әр жарысқа әртүрлі дайындық қолданады екен. Ташкентте күресетін жігіттер мен Австрияда белдесетін команданың жаттығу әдісі мүлде бөлек. Бұл болашақта жемісін береді деп ойлаймын.
Ал бұған дейін жұмыс істеген француз мамандарының әлеуеті әлдеқайда төмен», — деді Қырғызбаев.
Айта кетелік, бұған дейін Эцио Гамба Ресей құрамасымен жұмыс істеді.
