1 күн бұрын

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды

 Елдос Сметов Азия чемпионатына қатыспайды

Фото: olympic.kz

 Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 25-28 сәуір күндері Таиланд астанасы Бангкокта өтетін Азия чемпионатына қатыспайды.

Бұл жөнінде дзюдодан Қазақстан ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Роберт Мшвидобадзе мәлім етті.

- Елдос Сметов Олимпиададан кейін жоспарлы қалпына келу кезеңінен өтіп жатыр. Ол жаттығу жұмыстарына және оқу-жаттығу жиынына әлем чемпионатынан кейін қосылады, - деді ол.

Сондай-ақ Роберт Мшвидобадзе ұлттық құрама тізімінде Әбиба Әбужақынованың неге жоқ екенін түсіндірді.

- Ал Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатына дайындыққа кірісті. Аталған дүбірлі дода биылғы маусымдағы ең маңызды жарыстың бірі ретінде бағаланады. Қазір Қазақстан құрамасының көшбасшыларын қоса алғанда, барлық жетекші спортшы осы турнирге жоспарлы түрде дайындалып жатқанын айта кеткеніміз жөн, - деді ол.

Құрлықтық біріншілікте ел намысын 17 татами шебері қорғайды. Қазір ұлттық құрама Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.


 

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Бокс 13 минут бұрын

Сәкен Бибосынов Ресейдегі турнирде топ жарды

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Футбол 49 минут бұрын

Криштиану Роналду АПЛ-ге оралуы мүмкін

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Бокс 2 сағат бұрын

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Дзюдо 2 сағат бұрын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол 3 сағат бұрын

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Коротков турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы алтынсыз қалды

Бокс 3 сағат бұрын

Коротков турнирі: Қазақстан әйелдер құрамасы алтынсыз қалды