25.04.2025
Ержан Еренғайыпов дзюдодан Азия чемпионатын сәтті бастады

Фото: Қазасқтан дзюдо федерациясы
Бангкокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнінде Ержан Еренғайыпов сәтті өнер көрсетті. Ол Солтүстік Корея спортшысынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Sport12kz.
Айта кетейік, 48 келіге дейінгі салмақта еліміздің намысын қорғаған Диана Буркеева моңғолиялық дзюдошы Ганбаатар Нарантсетсегке есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.
Ерлер құрамасында Нұрәділ Әлжан (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ержан Еренқайыпов (66 келі), Есет Қуанов (73 келі), Мәди Амангелді (81 келі), Азат Күмісбай (81 келі), Ермахан Әнуарбеков (90 келі), Максим Мейірлан (90 келі) және Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасында Ғалия Тынбаева (48 келі) және Диана Буркеева (48 келі), Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Кристина Сотникова (70 келі), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары), Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) сынды балуандарға сенім артамыз.
