26.04.2025
Азия чемпионатында үш дзюдошы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының екінші күнін қазақстандық балуандар сәтті бастады, , деп хабарлайды Sport12kz.
Қазіргі дейін алғашқы белдесуінде үш спортшы жеңіске жетті.
Ел құрамасынан Есет Қуанов (73 келі) алғашқы белдесуінде өзбекстандық Мардон Равшоновты вазари ұпайымен Golden Score-де жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды
Ал Мәди Амангелді (81 келі) үндістандық қарсыласына еш мүмкіндік бермей, белдесудің алғашқы минутында-ақ айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Сондай-ақ Азат Күмісбай (81 келі) Азия чемпионатының екінші айналымына шықты. Ол бірінші белдесуінде Ирак өкілі Аббас әл-Фураижиден басым түсті.
Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні, 25 сәуірде Ғалия Тынбаева (48 келі) мен Шерзод Давлатов (60 келі) қола жүлдеге қол созды.
