6 сағат бұрын
5 дзюдошымыз ширек финалда сүрінді

Дзюдодан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында 5 спортшымыз ширек финалдан аса алмады.
81 келіде белдескен Мәди Амангелді Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, 2 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Ли Ён Хванға (Оңтүстік Корея) шамасы жетпеді.
57 келідегі Бақыт Құсақбаева Азия чемпионатының ширек финалында Үлкен дулыға санатындағы жарыстардың жүлдегері Мэгуми Фучидадан (Жапония) айласын асыра алмады.
73 келіде бақ сынаған Есет Қуанов сары құрлық бәсекесінің ширек финалында өзбек спортшысы Шахрам Ахадовқа 0:10 есебімен жол берді.
63 келіде Эсмигуль Куюлова ширек финалда Пей Чун Юаньға (Тайпей) есе жіберді.
81 келіде өнер көрсеткен Азат Күмісбай да жартылай финалға шыға алмады.
