1 күн бұрын
Дзюдодан командалық сында есе жібердік

Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күнінде Қазақстан құрамасы командалық сында бақ сынады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ширек финалда біздің құрама Моңғолиямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Күрескендер: Ақерке Рамазанова (70+), Еламан Ералиев (90+), Дана Әбдірова (-57 кг), Бақытжан Абдурахманов (-73 кг).
Енді Қазақстан Қырғызстан құрамасымен жұбаныш кездесу өткізеді.
