1 күн бұрын
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Аралас командалық сында ел намысын қорғаған Дана Әбдірова (-57 кг), Аруна Жангельдина (-70 кг) және Мейірлан Максим (-90 кг) жұбаныш белдесуінде Қырғызстан командасын 4:2 есебімен жеңіп, жүлделі орын үшін күресуге мүмкіндік алды.
Енді отандастарымыз сары құрлық додасының қола жүлдесі үшін Оңтүстік Корея немесе Өзбекстан құрамасымен кездеседі.
