5 сағат бұрын
Qazaqstan Barysy Grand Slam: ел намысын кімдер қорғайды?

Астанада мамыр айының басында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесінде ерлер құрамасынан 28 балуан белдеседі, деп хабарлады Sport12.kz
Олардың арасында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бар. Сондай-ақ, -100 келіде Олимпиадаға қатысқан Шархан Нұрлыхан мен Абылайхан Жұбаназар да белдеспек.
60 кг: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйкенов, Талғат Орынбасар, Аман Бақытжан
66 кг: Ғұсман қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жүнісов
73 кг: Бақытжан Әбдірахманов, Есет Қуанов, Барыс Қуан, Саят Сейітқалиев
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Мейіржан Жұмабек, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек
90 кг: Мейірлан Максим, Ермахан Әнуарбеков, Айдар Арапов, Аян Байғазы
-100 кг: Шархан Нұрлыхан, Бейбіт Мадеев, Марат Байкамуров, Бақжан Байтас
+100 кг. Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғынәлиев
Әйелдер құрамасы да бұл сынға толық құрамда қатысады деп күтілуде. Олардың арасында танымал қазақстандық дзюдошылар Абиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева да бар.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне 49 мемлекеттен 413 дзюдошы қатысады. Оның 232-сі ерлер болса, 181 спортшы әйел дзюдошылар.
