02.05.2025

Grand slam турнирі: Әбиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды

Grand slam турнирі: Әбиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әбиба жарыстағы алғашқы белдесуінде Вакано Инагакиді (Жапония) жеңіп, жартылай финалда Вэньне Чжуанға (Қытай) жол берген еді.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимованы мерзімінен бұрын жеңіп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, Әбиба Әлем чемпионатының (2022,2024) екі дүркін қола, Азия чемпионатының (2021,2022) екі дүркін күміс жүлдегері.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас