6 сағат бұрын
Астанада алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Фото: olympic.kz
Астанада 13-15 мамыр күндері алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жаһандық додада 40 елден 350-ден астам спортшы жүлдеге таласпақ. Биылғы бәсекеге 15-тен астам паралимпиада чемпионы мен әлемдік жұлдыздар арнайы келмек.
Қазақстан құрамасы толықтай мықты спортшылармен жасақталған. Еліміздің намысын Астана қаласының спортшылары Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Асылан Нұрдаулетов және Бауыржан Арыстанбеков қорғайтын болады.
Парадзюдодан әлем чемпионаты 13-15 мамыр аралығында өтеді. Күн сайын сағат 10:00-13:00 аралығында іріктеу белдесулері, ал 15:30-17:00 аралығында финалдық белдесулер өтеді.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де Жекпе-жек сарайында өтпек.
