7 сағат бұрын

Қазақстандық Олимпиада чемпионы елге оралады

Қазақстандық Олимпиада чемпионы елге оралады

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі

Дзюдодан Олимпиада чемпионы, күміс және қола жүлдегері Елдос Сметов Қазақстанға оралады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Сметов 2025 жылдың 9-11 мамыр аралығында Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне арнайы қонақ ретінде қатысып, ұлттық құрама спортшыларына қолдау білдіреді.

Соңғы уақытта Елдос Сметов отбасымен бірге Англияда тұрып, тіл меңгерумен айналысқан еді. Енді ол елге оралып, спорттық жаттығуға қайта кірісуді көздеп отыр.

Айта кетейік, алты құрлықтың 400-ден аса дзюдошысы бақ сынайтын айтулы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 9-11 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Жанкүйерлер дүбірлі доданы трибунадан тегін тамашалай алады.

Елдос Сметов – қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Париж XXXIII Олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл).

Қызылордадағы сенсация: «Қайсар» кезекті рет фавориттен ұпай алды

Футбол 1 сағат бұрын

Қызылордадағы сенсация: «Қайсар» кезекті рет фавориттен ұпай алды

Никита Михайлис Әлем чемпионаты алдындағы жағдайын айтты

Хоккей 1 сағат бұрын

Никита Михайлис Әлем чемпионаты алдындағы жағдайын айтты

«Қайрат» бас бапкері Марлон Веласко Чемпиондар лигасының финалы алдында мәлімдеме жасады

Футзал 2 сағат бұрын

«Қайрат» бас бапкері Марлон Веласко Чемпиондар лигасының финалы алдында мәлімдеме жасады

Балауса Мұздыманның қарсыласы анықталды

Бокс 3 сағат бұрын

Балауса Мұздыманның қарсыласы анықталды

Чемпиондық камбэк: Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Теннис 3 сағат бұрын

Чемпиондық камбэк: Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Жүлде қоры 120 млн теңгені құрайтын ат бәйгесінде кімдер топ жарды?

Басқа 3 сағат бұрын

Жүлде қоры 120 млн теңгені құрайтын ат бәйгесінде кімдер топ жарды?