08.05.2025
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жүлде қоры қанша?

Фото: IJF
Қазақстанның бас қаласы Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam-2025 турнирінің жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Asia-Plus порталы келтірген мәмілетке сәйкес, жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың еуроны (90 млн теңге) құрайды. Әр салмақ дәрежесіндегі үздіктер 5000 еуро (2,9 млн теңге), күміс жүлдегерлер – 3000 еуро (1,75 млн теңге), қола жүлдегерлер – 1500 еуро (870 мың теңге) сыйақыға ие болады.
Айта кетейік, алты құрлықтың 400-ден аса дзюдошысы бақ сынайтын айтулы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі 9-11 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Жанкүйерлер дүбірлі доданы трибунадан тегін тамашалай алады.
