09.05.2025

Мағжан Шамшадин Астанадағы турнирді сәтті бастады

Мағжан Шамшадин Астанадағы турнирді сәтті бастады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

 Астана қаласында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталды. Бүгін ел намысын 13 спортшы қорғайды, деп хабарлйды деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы жарыс күнінде 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мағжан Шамшадин Армения өкілі Ашик Андреянды жеңді.

Сондай-ақ ел құрамасынан аталған салмақта Бақытжан Аман тәжікстандық Абдулло Қуқаншоевты жеңді. 

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.

Олардың арасында Олимпиада чемпиондары Рафаэла Силва (Бразилия, 63 кг), Беатрис Соуза (Бразилия, +78 кг), Барбара Матич (Хорватия, 70 кг) және Олимпиадада екі дүркін жеңімпаз атанған Таканори Нагасэ (Жапония, 81 кг) бар.

Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.


 


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас