8 сағат бұрын
Қазақстандық Олимпиада чемпионы туралы фильм жарық көреді

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Елдос Сметов туралы фильм түсіріліп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясының IJF MEDIA командасы қазақстандық Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жайлы деректі фильм түсіруде.
Спортшымыз бұл жобада өзінің Париж алтынына дейінгі жолын баяндап, тап болған қиындықтары жайлы бөліседі.
Елдос Сметов – қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Париж XXXIII Олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл).
