13 сағат бұрын

Астанадағы турнирде екі дзюдошымыз алтынға таласады

Астанадағы турнирде екі дзюдошымыз алтынға таласады

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Астана қаласында жалауын желбіреткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде екі спортшымыз финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Талғат Орынбасар жарыстың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, шешуші белдесуге жолдама алды. Ол финалда ресейлік Изнаур Сааевпен бас жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ, осы салмақтағы өзге де дзюдошыларымыз – Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола жүлде үшін күреседі. Аман француз спортшысымен күш сынасса, ал Мағжан Оңтүстік Корея өкілімен татамиге шығады.

Одан бөлек 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев та алтын медаль үшін ресейлік Рамазан Абдуллаевпен шын мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, финалдық белдесулер 17:00-де басталады.

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Дзюдо

Qazaqstan Barysy Grand Slam: Бүгін кімдер татамиге шығады?

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев: Мақсатым тек алтын еді

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

Бокс 4 сағат бұрын

Жастар арасында Азия чемпионатына баратын қазақстандық боксшылар анықталды

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 4 сағат бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 5 сағат бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 6 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді