11 сағат бұрын
Астанадағы турнирде Мағжан Шамшадин қола жүлдегер атанды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Мағжан Шамшадин (60 келі) финалға шықты.
Мағжан Шамшадин Қазақстан құрамасына алғашқы медальді сыйлады. Қола жүлде үшін белдесуде ол француз Энцо Джиннан жеңіске жетті.
Аталған салмақта тағы бір қазақстандық балуан Талғат Орынбасар финалда ресейлік Изнаур Сааевпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Аталған жарыс нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингілерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін — 1 мың, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль алғанға 500 ұпай есептеледі.
Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін бұл додаға 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
