9 сағат бұрын
Талғат Орынбасар Астанадағы турнирде күміс медаль алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы (Сали Сабиров)
Бүгін Астана қаласында жалауын көтерген дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Талғат Орынбасар (60 келі) күміс медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық балуан финалда ресейлік Изнаур Сааевпен алтын жүлдені сарапқа салды. Белдесу барысында ол қарсыласына вазари әдісімен жеңіліп қалды. Осылайша турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.
Талғат Орынбасар қазірге дейін жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үш мәрте қола медаль алды. Оған қоса Азия чемпионатында және Еуропа Кубогында бірнеше алтын еншіледі.
Ал 60 келіде жартылай финалда Аман Бақытжан Оңтүстік Корея балуаны Ли Харим, Мағжан Шамшадин франциялық Джин Энсоны қапы қалдырып, қола жүлдеге қол созды.
Сондай-ақ енді Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) финалда ресейлік Рамазан Абдулаевпен күреседі.
/
