11 сағат бұрын
Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлде еншіледі

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінде 66 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді. Финалда ол Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) атынан сынға түскен Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді.
Айта кетсек, бұл спортшымыздың Париж Олимпиадасынан кейінгі 10 айлық үзілістен соң қатысқан алғашқы жарысы.
Бірінші жарыс күнінің нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынына төрт жүлде түсті.
