4 сағат бұрын
Qazaqstan Barysy Grand Slam: Есет Қуанов қола жүлдегер атанды

Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Есет Қуанов қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде грузиялық Михейли Бахбахашвилиден басым түсті. Қуанов қарсыласының үш мәрте ескертумен жазаланғанына байланысты жеңімпаз деп танылды.
Айта кетейік, бұл – Есет Қуановтың Grand Slam турнирінде жеңген үшінші қола жүлдесі.
