3 сағат бұрын
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар (-81кг) елордада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандасымыз қола жүлде үшін өткен шешуші белдесуде италиялық Мануэль Парлатиді 29 секундта жеңіп, ел қоржынына алтыншы медальды салды.
Естеріңізге сала кетсек, жарыстың бірінші күні Қазақстан сапынан Ғұсман Қырғызбаев пен Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Аман Бақытжан мен Мағжан Шамшадин қола медаль еншілеген болатын. Бүгін жүлдегерлер қатарына екі қола жүлдемен Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар қосылды.
