Мемлекет басшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қонақ болды

Фото: Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне арнайы қонақ ретінде барды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Дүбірлі доданы Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер және Олимпиада чемпионы Елдос Сметовпен бірге тамашалады.
Айта кетейік, Әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирі Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. Биылғы бәсекеге 44 елден 358 спортшы қатысуда.
