1 күн бұрын

Ертең Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

Ертең Астанада пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ертең, 13 мамырда Астана қаласында пара дзюдодан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін IBSA Judo World Championships Astana 2025 пара дзюдодан әлем чемпионаты төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылады. Ол - пара дзюдо әлеміндегі ең беделді дода.

Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірді. Онда 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Әлем чемпионатына жер-жаһанның 40 елінен келген 350-ден астам үздік спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында 15 Паралимпиада чемпионы мен жүлдегері бар.

Беделді бәсекеде ел намысын Ақмарал Науатбек, Ерғали Шәмей, Даяна Федосова, Жұрқамырза Шүкірбеков сынды ұлттық құрама көшбасшылары қорғайды. Сондай-ақ елорда татамиінде Алана Мартинс Мальдонадо (Бразилия), Южито Широ (Жапония), Флорин Болога (Румыния), Шерзод Намозов (Өзбекстан), Ибрахим Бөлүкбашы (Түркия) және басқа да атақты спортшылар белдеседі.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады. Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлерде 64, әйелдерде 46 келі) жүлде сарапқа салынады.

https://kaz.inform.kz/news/para-dzyudodan-alem-chempionatinda-kay-salmakta-zhuldeler-sarapka-salinadi-d5ab17/

Дүбірлі додада сағат 10:00-13:00 аралығында іріктеу белдесуі болса, 15:30-17:00 шамасынла финал белгіленген.

Кейінгі үш жылда Астанада дзюдодан Grand Prix сериясының кезеңдері мен 2023 жылғы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Осындай маңызды жарыстарды өткізу арқылы еліміз пара дзюдодан әлем чемпионатын қабылдауға лайықты екенін көрсетті.


Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Хоккей 2 сағат бұрын

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатында Мажарстанға есе жіберді

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Футбол 3 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының ширек финал ойындары өтеді

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Дзюдо 4 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар бес медаль алды

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 5 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 6 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 7 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды