8 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық тоғыз балуан жүлдеге таласады

Пара дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық тоғыз балуан жүлдеге таласады

Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы

Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионаты қазақстандық 9 спортшы жүлдеге таласады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бүгін, 13 мамыр күні, Астанада дзюдодан «2025 IBSA Judo World Championships Astana» жарысы басталды. Бірінші күні 9 спортшымыз жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Олардың арасында J2 санаты бойынша 81 келідегі Ғалымжан Смағұлұлы финалда өзге отандасымыз Бексұлтан Құлмырзамен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Қалған жеті балуан қола жүлдеге таласады. 

J1 санаты бойынша 52 келідегі Альфия Тлекқабыл жартылай финалда Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері, Бразилия спортшысы Розиклей Сильва де Андрадеге есе жіберді.

J2 санаты бойынша 60 келідегі Даяна Федосова 1/2 финалда бейтарап елдің спортшысы Дарья Стакановадан өте алмады.

J1 санаты бойынша 64 келідегі Мұрат Мадинов 1/2 финалда Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері, Венесуэла спортшысы Маркос Бланкоға жол берді.

J1 санаты бойынша 64 келідегі Айдын Мұтәліп 1/2 финалда Париж Паралимпиадасының чемпионы, Алжир дзюдошысы Абделкадер Бовамерден жеңілді.

J1 санаты бойынша 81 келідегі Ерғали Шамей жұбаныш белдесуінде Үндістан өкілін таза жеңді.

J1 санаты бойынша 70 келідегі Асылан Нұрдәулетов жұбаныш белдесуінде Аргентина спортшысы Эдуардо Гаутоны ұтты.

J1 санаты бойынша 70 келідегі Темірболат Ташекенов жұбаныш белдесуінде Индонезия спортшысынан басым түсті.

Турнирдің финалдық көрсетілімі сағат 17:00-де Qazsport телеарнасынан ұсынылады.


Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Аян Тұрсын: Байдың қызы болсам, октагонға шықпас едім

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Басқа 2 сағат бұрын

Астана конкурдан әлем кубогын қабылдайды

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Дзюдо 3 сағат бұрын

Қазақстандық пара дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде бес жүлде алды

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Теннис 3 сағат бұрын

Александр Шевченко Франциядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Дзюдо 3 сағат бұрын

Бексұлтан Құлмырза - Пара дзюдодан әлем чемпионы

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Дзюдо 3 сағат бұрын

Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды