7 сағат бұрын
Пара дзюдодан әлем чемпионатында қарсыластың аяғын тістеп алды

Пара дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнінде ерекше жайт тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz
J1 санаты бойынша 52 келіде қола жүлде үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Шойра Хамидова бейтарап елдің өкілі, Паралимпиаданың 4 мәрте жүлдегері Виктория Потапованың аяғын тістеп алды. 1 минут 19 секундқа ғана жалғасқан белдесуден кейін, төрешілер автоматты түрде жеңісті Викторияға берді.
Айта кетейік, дәл осы салмақта Альфия Тлекқабыл да үшінші орынға таласып, есе жіберген еді.
